"Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі" КММ
Байланыс : Тел.: +7 (711)-4221570 Email: krasnoyar_soh68@mail.ru
Қош келдіңіздер! Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Мектеп-балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анаңдай тәрбиелейтін ұстазды көресің. Қазақтың: «Мектеп-кеме, білім-теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі сенің «Мектеп» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен де сол жерге дейін барып, биік шыңдардан көрінерің анық. |
Мектеп тарихы1968 жылы Краснояр бастауыш мектебі болып Калмыков орта мектебінің бастауыш сыныптары негізінде ашылды. Мектептің алғашқы директоры болып Оңдағанов Естіғали тағайындалды. 1971-72 оқу жылында Краснояр 8 жылдық мектебі болып өзгертілді. 1973 жылы Е. Оңдағановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты мектеп директоры болып Адилова Әзімжан тағайындалды. 1976- 77 жылдары оқу жылында Краснояр орта мектебі болып қайтадан ашылды. Ә. Адилова 1973 жылдан 1977 жылға дейін осы мектепті басқарып келді. 1977-80 жылдар аралығында мектеп директоры болып Ғиниятов Әдиет қызмет істеді. 1976-93 жылдары оқу жылдарында мектеп жанында интернат жұмыс жасады. Бұл интернатта № 3 ферма шопандарының балалары және Харькин, Краснояр ауылдарының 9-10 сынып оқушылары тәрбиеленді. 1993 жылы Краснояр совхозының таратылуына байланысты интернат жабылды. Сонымен қатар осы жылдар ішінде, яғни 1982-88 жылдары мектеп оқушылары жаз айларында осы мектепке қарасты «Эврика» демалыс және еңбек лагерінде демалды әрі бақша өнімдерін өсіріп-баптау мен айналысты. Бұл лагерь Бағырлай өзені жағасында орналасқан болатын. 1980-87 оқу жылдары бұл мектепке Түркпенова Римма Серікқызы басшылық етті. Мектептегі оқушылар қазақ және орыс тілдерінде дәріс алды. 700-ге жуық оқушы екі кезеңде білім алды. Мектепте 70 астам мұғалімдер ұжымы еңбек етті. Краснояр орта мектебінде ұзақ жылдар бойы бала тәрбиесіне барлық саналы ғұмысын арнаған көптеген ұстаздар бүгінде зиялы зейнеткерлер, ауылымыздың құрметті ардагері. 1987-88 оқу жылында мектеп 3 қабатты жаңа ғимаратқа көшті. Мектеп директоры болып Ахметов Кәкім Ғалымұлы бекітілді. 1988 жылы Омаров Өтеп Омарұлы мектеп басшылығына келді. Ол 1998 жылға дейін осы ұжымды басқарды. 1998-2002 жылдар аралығында тарих пәнінің мұғалімі Табылдиев Серік Тобаниязұлы мектеп директорлығына тағайындалды. 2002-2007 жылдар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Берегенов Бақтығали Сламбекұлы бекітілді. 2007-2013 жылдар аралығында Душаев Болат Қалиұлы мектеп директоры болып басшылық жасады. 2014 жылдан бастап Утепбергенова Нұржамал Өтепбергенқызы ұжымды басқаруда.
Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінің мақсаты,бағыты. 1.Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету. 2.Балалардың дамуына жағдай жасау. 3.Білім жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру. Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінің міндеті 1.Оқыту үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу. 2.Мұғалімдердің интерактивті технологиямен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру және дамыту. 3.Материалдық базаны нығайту. ТАЙПАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТАРИХЫКең байтақ қазақ даласының батысында әйгілі Жайық өзенінің жағасында орналасқан, көп жылдар бойы Калмыков деп атанып, аудан орталығы болған, қазіргі кезде Тайпақ деп аталатын ауылымыздың өз тарихы бар. Батыс Қазақстан облысының құмды және құмайт аумағындағы Тайпақ ауылының жері Жайық өзенінің екі жағалауына қос қапталдай орналасқан.Бұрынғы Тайпақ ауданының орталығы болған Калмыков поселкесі (қазіргі Тайпақ ауылы) Орал қаласынан үш жүз шақырымдай қашықтықта тұрады. Қазіргі поселка тұрған орында – XVШ-ші ғасырда Төменгі Жайық шекара шебінің Калмыков қамалы болған. Бұрынғы уақытта бұл жермен Орта Азиядан Ресейге баратын сауда – керуені жолы өткен және Жайық өзені арқылы оның бұқар беті деп аталатын Азиялық жағына өтетін үлкен көпір болған. Калмыков Жайық қалашығынан ( қазіргі Орал қаласы) бұрын салынып, Жайық бойындағы Сарайшық қаласымен қатар тұрып, үлкен сауда орталығы болған. Революциядан бұрын бұл жерде сауда – жәрменкелері өткізілген. Орал облысында 11 жәрменке жұмыс істеген.1900 жылы олардың жылдық тауар айналымы 8,9 миллион сомға жеткен. Ал Калмыков жәрменкесінің тауар айналымы 23 миллион сом болған. Поселке аты қалмақтардан қалған. XVІ ғасырда қалмақтар жоңғар даласына бара жатқанда, осы жерден Жайық өзені арқылы өткен. Сонымен қатар осы арада қалмақ князінің ставкасы болған, сондықтан поселке « Князь – қала » - деп аталған. Жергілікті халық поселкені соңғы кезге дейін « Кінәз » деп атайтынды.Тайпақ өңірінің казактары 1773 – 1775 жылдары болған Е.И.Пугачев көтерілісіне 1783 – 1797жылдардағы Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістеріне белсене катынасқан. Әр түрлі кезеңдерде Калмыков станциясында атақты орыс ғалымдары мен өлке зерттеушілері, саяхатшылар мен прогрессшіл зиялылар болған. Калмыковта және Тайпақ өңірінде орыстың атақты ғалымдары П.С. Паллас (1769) Н.А.Северцов (1862) және жазушы В.И.Даль тоқтаған. Паллас Петр Симон – орыс жаратылыстанушы, Петербург ғылым – академиясының экспедициясын басқарған. Орал облысында 1769жылы және 1773жылы екі рет болған.Северцев Николай Алексеевич – орыс саяхатшысы. Ол Батыс Қазақстан өңірінің жануарлары мен өсімдіктер дүниесін зерттеген. Владимир Иванович Даль – жазушы, этнограф. Даль В.И-Орал және Орал облысында сегіз жыл ішінде бірнеше рет болған.Ол Гурьев, Бөкей ордасын аралау сапарында Калмыковта және ауданның басқа территориясында болған кезінде өзінің «Бөкей мен Мәулен» атты белгілі кітабына материалдар жинаған. Қазақ тілін еркін білген, жергілікті тұрғындардың құрметі мен сеніміне ие болған. 1875 жылдан Калмыков уездің орталығы болды. 1884 жылы мұнда И.С.Тургенев атындағы көпшілік кітапханасы , ал 1903 жылы 3 төсектік аурухана ашылып жұмыс істеді. Сол кездегі статистикалық отчет бойынша поселке тұрғындарының 6- ақ проценті сауатты еді. Революциядан бұрынғы кезеңде мұнда екі кластық алты жылдық (бастауыш) училище және үйден қатынап оқитын шіркеу мектебі үш жылдық болды. Станицада Вязниковцев, Павел Сидорович, Касьян Иванович және Акакий Макарович Махориндер және Мясников сияқты бай- орыс казактарының үйлері оңтүстік бетте Вязниковцевтің бау – бақшасы болған. Жайық жағасында ақ тастан салынған түрме болған. Онда 1829 жылы шаруалар көтерілісінің басшыларының бірі, ақын әрі күйші, домбырашы Махамбет Өтемісов екі жылдай тұтқында болған, ол Орынбор қаласына айдалғанда жолшыбай Антоново (қазіргі Атамекен) станициясындағы абақтыға қамалған. Махамбет қамалған түрме 1960 жылдары Жайыққа жармен бірге құлап кеткен. Қамауда отырып, ретін тауып қашып шыққан. Қазіргі Темір Масин көшесінің бойында қазақ мешіті болды. Қазіргі әскери комиссариат тұрған үйде азамат соғысынан кейін ревком, кейіннен уездік және станицалық атқару комитеттері орналасқан. Темір Масин тұрған үйде Чапаевшылардың штабы, РайОНО тұрған үйде азық- түлік комитеті орналасқан. Мясниковтың үйінде салауаттылық үйі ( жетекшісі Чукалин) болған. Онда арақ – шарап ішпейтіндер келіп биллиард, шахмат-дойбы ойнап, газет – журнал оқыған. Аупартком үйінің маңайында әскери госпиталь орналасты. 1921 жылы станцияға ақбандылар тұтқиылдан басып кіргенде , олар ондағы жаралы қызыл әскерлерді қылыштап өлтірген. Олардың денелері сол жерде жерленген. Қалашықтың орталығындағы Қызыл алаң (Революция алаңы) қасиетті орын деп есептелген. Соғыс кезінде Совет Армиясы қатарына, Қарағанды шахталарына, ФЗО мектептеріне кетушілер осы арадан аттанған. 1919 жылғы 18 декабрьде Чапаев девизиясының Бубенец басқарған атты бригадасы Калмыковты адмирал Кольчактің сыбайласы генерал-лейтенант Толстовтың ақ гвардияшыларынан бір жола азат етті. Қалашық үшін шайқаста 218-ші полктің командирі Зосик ерекше көзге түсіп қаһармандық ерлегі үшін жауынгерлік Қызыл Ту орденімен награтталады. Мұнда көптеген тұтқын, 18 зеңбірік, 80 пулемет, 1 бронды, 2 жеңіл автомашиналар қолға түсті. Поселкіде рефком құрылып, оның председательдігіне сыннан өткен большевик 1917 жылдан РКП (Б) мүшесі П. С. Хаустов тағайындалды. 1920 жылдың 5-10 тамыз күндері Калмыковта бірінші уездік Советтер съезі болып өтті. Съезд делегаттары В. И. Ленинге құттықтау телеграмма жолдап, уездің ашылуы жөнінде хабарлама жасады.1925 жылдың желтоқсанның 6-нан 7- не қарағандағы таң сәріде қалашыққа Серов бандысының үлкен күштері шабуыл жасады. Ынтымағы күшті Калмыков гарнизоны мен ЧОН отрядының жауынгерлері поселкіні ерлікпен қорғап, дұшпанды қуып шықты. Бұл ұрыста Чапурин, Попов, Канцов- Невский, А. Баяшев және басқалары үлкен ерлік көрсетті. Әкімшілік бөлінуіне байланысты 1920-23 жылдары Калмыков уезд орталығы, ал 1933 жылдан аудан орталығы болған. Мұнда бір кездерде азамат соғысының қызыл партизаны М. Бикбаев және Советтер Одағының Батыры Т. Масин тұрған. |
|