"Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі" КММ
Байланыс : Тел.: +7 (711)-4221570 Email: krasnoyar_soh68@mail.ru
Оқу-әдістемелік жұмыс«Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі» КММ 2015 жылғы 16 қазанда бастауыш сынып бірлестігінде өткен әдістемелік күннің барысы Білім алу - батылдық, Тақырыбы: «Тіл сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолдары» Мақсаты: Тіл сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыра отырып, оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті мен жеке бас қабілеттерін дамыту. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру арқылы құзіреттілікке, проблемалардың шешімін табуға жол ашу. Міндеттері: 1.Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету; Әдістемелік күннің І бөлімінде 1-сыныпта К.Куспанова сауат ашу пәнінен «Жж дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланып, сабақ барысында оқушылардың қойылған сұрақтарға толық жауап беруін талап етті. 2-сыныпта З.Искалиева әдебиеттік оқудан өткізген «Нағыз байлық» тақырыбындағы сабақта оқушылардытопқа бөліп, тақырыпты ашу мақсатында оқушылардың өз ойларын еркін айтуға үйретуде көп тапсырмалар берілді, оқушылардың эссе жазуға төселгендіктері байқалды.
3-сыныпта А.Ергалиеваның «Туған жер» тақырыбындағы ашық сабағында оқушылардың шығармашылықпен жұмыстанатыны көрінді. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын еркін, сауатты жеткізе алды. Ашық сабақ өткізген 3 ұстаз да интеративті тақта мүмкіндіктерін пайдаланып, презентациялар қолданды. ІІ бөлімді бірлестік жетекшісі З.Искалиева «Танысу» тренингінен бастады.Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Ф.Тулеугалиеваның. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары» және 4-сынып жетекшісі Г.Батырованың «Қазақ тілі сабағында оқушыларды функционалдық сауаттылыққа үйрету жолдары» тақырыптарындағы мазмұнды баяндамалары әріптестердің көңілінен шықты. Баяндамалар арасында мұғалімдерге тренингтер ұйымдастырылды. Әдістемелік күннің қорытындысы бойынша мектебіміздің әдіскері Б.Душаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Джангазиев және басқа да қатысушы ұстаздар өз ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.
Әдістемелік күннің жоспарын мына сілтемеден көшіріп алуға болады. /uploads/4655/4084/files/funts._sauat_%D3%99d%D1%96st_k%D2%AFn.docx |
|