Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Байланыс : Тел.: +7 (711)-4221570    Email: krasnoyar_soh68@mail.ru

Объявление от Asia.kz:
Array

Салон красоты тараз

 
 
Cілтемелер
 
Ауа-райы

 
Біз Әлеуметтік желілерде
 
 
Іздеу
 
 
Күнтізбе

 
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 
Опрос
Сайт ұнады ма?
иә
орташа
жоқ
Результаты опроса
 
Хабарландыру

Тіл мерекесі апталығы өткізіледі.

 
Ақпарат

Сіздер бұл сайттың көмегімен мектебіміздің күнделікті тыныс-тіршілігінен хабардар болып, оқу процесі  мен тәрбие жұмысының ұйымдастырылуымен және ұстаздар құрамымен таныса аласыздар.

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 

Назар аударыңыз, бағдаршам!

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы білім бөлімінің  2015 жылғы  25 тамыздағы №2841 хатына сәйкес Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінде «Назар аударыңыз, бағдаршам!» ұранымен мектеп жасындағы балалар арасында жол-көлік жарақатының профилактикасы бойынша 1-10 қыркүйек аралығында онкүндік іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды. Онкүндіктің мақсаты: Жастар мен мектеп жасындағы балалар арасындағы жол-көлік жарақаттының мәселесіне қоғамның назарын арттыру, білім деңгейін арттыру арқылы оның профилактикасының маңыздылығын тану және жол қозғалысы ережесін орындау. 2 қыркүйек күні полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Мектепке және үйге дейінгі қауіпсіз жол!» тақырыбында акция ұйымдастырылды.Тайпақ полиция бөлімінің қызметкерлері оқушыларға көшеде жүру ережелерін үйретіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.Оқушылар тақырыпқа байланысты жағдайаттық көріністерді бейнелеп, талдады.Өз ой- пікірлерін ортаға салып, мамандар кеңесін алды.Жол ережесіне және құқыққа байланысты сұрақтар қойылып, таным деңгейлері толықтырылды 3 қыркүйек күні 1-5 сынып оқушылары арасында «Сен жол таңбаларын білесің бе?» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Сонымен қатар 1-11 сыныптарда «Жол қауіпсіздігі үшін» атты тәрбие сағаттары оздырылды.Сабақтың негізгі мақсаты бүгінде күрделі проблемаға айналып отырған жастар мен мектеп жасындағы балалар арасында жол-көлік жарақаттарының алдын алу, оқушылардың ақпараттық танымын кеңейту болып табылады. 5 қыркүйек күні «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Автокөлік, жол, өмір!» тақырыбында ақпараттық материалдар ұсынылды.. Ауылымыздың көшелеріне жол полициясы қызметкері мен оқушылар шығып көлік жүргізушілеріне, тұрғындарға жол қозғалысындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жаднама таратып, үгіт – насихат жүргізді. Жалпы акцияның мақсаты - жолда жүру ережелерін үйрету. Жолда демалыс деген жоқ. Күн санап жол-көлік оқиғалары көбейіп келеді. Оның көбі балалармен болып жатқаны өкінішті-ақ. Мұның көбі балалардың жол ережелерін білмеуінен дер едік. Жолды жүгіріп, кесіп өтіп, көлікке соғылып жатқан балалардың бары рас. Алдымен мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін балалар жолда жүру ережелеріне және оларды қатаң сақтауға,қыс мезгілінде жолдағы қауіпсіздікті сақтауды жоғарлатып, негізгі ережелерді сақтауды талап етті. Сәт сапар тіледі! 8 қыркүйек күні жоғары сынып оқушыларына мектебіміздің медбикесі «Қауіп- қатер жолда» тақырыбында дәріс оқыды. Онкүндік аясында өткізілген шаралар өз мақсатына жетті.Оқушылардың білімдері толысып, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.

 

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу

Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 02-2/21 хатына сәйкес ағымдағы жылдың 11 қыркүйегі күні Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінде 5-11 сыныптардағы тарих сабағында, 1-4 сыныптарда тәрбие сағаттарында «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу» мерекесіне арналған арнайы сабақтар оздырылды. 1 – 4 сыныптарда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбында тәрбие сағаты, 5-7 сынып оқушыларымен «Қазақ хандығының құрылуы» атты танымдық сағат, 8-11 сыныптарда «Қазақ халқының қазақ хандығы кезіндегі жағдайы» тақырыбында семинар сабақ өткізілді. Оқушылардың патриоттық рухын көтеру еліне-жеріне деген махаббатын арттыру мақсатында өткен бұл іс – шараларды олар қазақ хандары туралы, ежелгі қазақ халқының дамуы жайында мағлұматтар алды, білімдерін толықтырды. Семинар сабақта жоғары сынып оқушылары өз беттерімен ізденіп, материалдар жинақтап, слайдтар дайындады. Бүгінгі тәуелсіздігімізбен мақтанды.

 

 
 
 
Пожаловаться на сайт