"Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі" КММ
Байланыс : Тел.: +7 (711)-4221570 Email: krasnoyar_soh68@mail.ru
«Сыңғырла , күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.01. 09. 2015 Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізілуімен және мемлекеттік гимннің орындалуымен басталды. . Бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күні - "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбына арналады. Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы, Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл мерекелері білім күнін өткізудің негіздемелері болып табылады. Білім күнінің мақсаты- қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтар- тәуелсіздік, бейбітшілік және келісімді нығайту болып табылады. Мектеп директоры Нұржамал Өтепбергенқызы құттыктау сөзінде барша оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тимур Серікұлы, ауыл әкімінің орынбасары Ерлан Базарбайұлы мектептің ардагер ұстаздары қатысты. 1-сынып оқушылары өлеңдерін оқып, алғашқы қоңырау соғу құрметі 11- сынып оқушысы Орынбасарова Бақытгүл мен мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 -сынып оқушысы Толкынова Тамириске табысталды. 1-11 сынып оқушыларына алғашқы білім сабақтары жалғасын тапты. Білім сабақтарында барлық 1-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын сыйға таратылды. Реклама: |
|