"Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі" КММ
Байланыс : Тел.: +7 (711)-4221570 Email: krasnoyar_soh68@mail.ru
«Тіл – татулық тірегі» атты тіл фестивалі өткізілді.22. 09. 2015 Апталық салтанатты түрде сап түзеуде ашылды. Сап түзеуге мектеп оқытушылары , оқушылар, мектеп қызметкерлері, ата-аналар қатысты. Сап түзеу өткізу барысында 4, 10 сынып оқушылары үш тілде қара сөзбен, мәнерлеп тақпақ айтып тілдің адамдардың қатынас құралы екенін айтты. Сап түзеуге интербелсенді тақта пайдаланды. Тақтада апталықтың тақырыбы, тіл туралы өнеге сөздер жазылды. Сап түзеуді өткізген қоғамдық-гуманитарлық бірлестік жетекшісі М.Курманова. Апталықтың 14-22 аралығында сыныптарда тәрбие сағаттары оздырылды. Атап айтқанда 1 сыныпта «Тілашар» Куспанова К., 2 сыныпта «Сөз мерген» ата-аналармен бірге танымдық сайыс Искалиева З., 3 сынып «Сүйемін туған тілім –ана тілім» Ерғалиева А., 4 сыныпта«Ана тілі- білімнің кілті» сайыс сабақ Батырова Г., 5-7 сыныптар аралығында «Ана тілі аруы» Ажикова Б., Урашева А., Байтимова В.,6 сыныпта «Тілім барда қазағым бар, халқым бар» М.Курманова, 6-11 сыныптарға Ильясова Қ. «Ана тілі бәрін сөйлер шежірем» тақырыбына өнеге сағат өтті. Апталықтың шеңберінде тарихқа шолу бағытында, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 8,9 сынып оқушыларына мектеп музейінде саяхат сабақ жүргізілді. Ұйымдастырушы мектеп әдіскері, мектеп музейінің меңгерушісі Б.К.Душаев. Шаралар әр түрлі формаларда ұйымдастырылған: байқау- Ажикова Б.,өнеге сабақ- Ильясова Қ., топтар арасындағы сайыс –Ерғалиева А., ата-аналар арасындағы сайыс –Искалиева З.,әдеби монтаж – Курманова М. , саяхат –сабақ Б.Дошаев. Қай шара болса да оқушылар, мұғалімдер жауапкершілікпен, белсенділікпен дайындап, жақсы өткізді. Апталықтың жабылуына арналған сап түзеуде белсенділік білдірген оқушылар арнайы грамоталармен марапатталды. Апталықтың жұмысы туралы сап түзеуде мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Сариева қорытындылады.
Реклама: |
|